ЕЛ МҮДДЕСІ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

Мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі сайлауын өткізу – уақыт талабы. Өйткені, әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде депутаттық мандат мерзімінің аяқталуын күтпей, Парламент сайлауын өткізу - «Қазақстан - 2050» стратегиясында көрсетілген бағдарламаларды дамытуға, сонымен бірге, өткен жылы жарияланған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауды, 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспары сынды ірі бағдарламаларды жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.    

 

Ендеше, әлем сәт санап құбылып тұрған шақта дағдарысқа қарсы тұру шараларын жүзеге асырып, мемлекетті одан әрі нығайта түсу үшін сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп, халықты ортақ мақсатқа жұмылдыруға жаңа сайланған, кәсіби жағынан біліктілігі жоғары депутаттар керек.

Мемлекет басшысы сырттан да, іштен де әртүрлі көптеген ықпал етушілік бар екенін үнемі ескертіп отырады. Сондықтан, алға қойған міндеттерімізді еш алаңсыз жүзеге асыру үшін мерзімінен бұрын Парламент сайлауының өтуін Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалы да қолдайды.

Талғат МҰҚАТАНОВ,

облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы

облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз