Жарнама
Саясат

ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ – ТАСЫМАЛ

 

Осында қамтылған 58-қадамда республикамызда жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және оның ұдайы даму үрдісіне қол жеткізу, осы мақсатта бірыңғай операторларды тарту үшін стратегиялық инвесторларды жұмылдыру міндеті қойылған. Байқағанымыздай, осындай қадамға бару арқылы мемлекет қай елдің болмасын экономикасының күретамыры саналатын теміржол бойындағы тынымсыз жұмыстардың да бір сәтке толастамай, жолаушы мен жүк тасымалы жоспарының, басқа да межеленген тапсырмалардың тиянақты орындалысын тауып, заманауи техника-технологиялармен жарақтандырылуы керектігін алға тартып отыр. Тек сонда ғана «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен оған қарасты кәсіпорындарда, сервистік қызмет көрсету құрылымдарында нәтижелі іске қол жеткізуге болатындығы кәміл.

Теміржолшылардың еншісіндегі осынау міндет жүгінің жеңіл еместігін, әрқайсымыздан жоғары жауапкершілікті талап ететінін Атырау жол пайдалану бөлімшесіне қарайтын барлық құрылымдар да терең түсінеді деп есептеймін. Солардың қатарында «№9 ірілендірілген Атырау жол аралығы» мекемесінің ұжымы да бар. Сайып келгенде, тәулік бойғы жүк пен жолаушы тасымалының, темір жолдағы қозғалыстың қауіпсіздігіне өзгелері секілді өзіміздің жауапты екенімізді сезінеміз. Өйткені, күретамырдың бойындағы тірлік бір сәтке де тоқтамауы тиіс.

Әрқайсысы ондаған вагондардан тұратын жолаушы және жүк пойыздары жүретін болат жолдың  бекітілген бөлігін күтіп ұстау, сапалы сервистік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету – мекемемізге жүктелген басты міндет.

Қамажай БАҒЫТОВА,

жол инженері,

Мақат ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button