Жарнама
Саясат

«ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ҚАЙТА ҚАРАУ КЕРЕК»

 

Еске салайық, комитетте депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасын талқылаған еді.

Құжатты талқылау барысында, алдағы уақытта Дүниежүзілік банк шағын бизнес субъектілерінің өкілеттілігін жоғарылату үшін 200 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі несиелік желі ұсынатыны мәлім болған.

«Ұлттық банк өкілінің сөзіне қарағанда, алдағы уақыттарда әлгі 200 млн. доллар алатын қазақстандық 4 немесе 6 банк айқындалады. Бұлардың бәрі менің білуімше, қазақстандық банктер болмақ. Мемлекет осындай халықаралық қаржы құралдарынан үлкен мөлшерде қарыз алады,  сосын оны екінші деңгейлі банктердің орнықты қызметін сақтау үшін сеніп тапсырады. Ал, қарызды қайтару Ұлттық қордан, халық төлейтін салықтан құралып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, бізге екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын қайта қарайтын кез жетті», — дейді сенатор С.Еңсегенов.

Депутаттың айтуына қарағанда, Ұлттық банк мәліметтері бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемелері 1-ден 28 пайызға дейін құбылады, ал, орташа алғанда 13 пайызды құрайды. Дегенмен, сенатор тиімді мөлшерлеме 18 пайыз деп айтылған банктердің өзінде несие  21 пайыздан кем берілмейтінін алға тартты. Сосын теңгемен емес, доллармен несие алуға итермелейтін жағдайдың белең алғанын да еске салды.

«Сондықтан да, екінші деңгейлі банктердің несиелік саясаты шағын және орта бизнеске қиындық туғызып отыр деп санаймын. Мемлекет банктерге қолдау көрсетіп жатқанда, ондай қолдаулар банк жұмыстарына әсер етіп, олар да экономиканы дамытуға көмектесулері керек», — деді С.Еңсегенов.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button