Жарнама
Саясат

ЕГІН ДЕ ӨСІРУГЕ, МАЛ ДА БАҒУҒА БОЛАДЫ

Расында да, сонау 1991 жылы біздің «Арай» шаруашылығы құрылғанда қазіргідей қамқорлық та, қолдау да болған жоқ. Түсінбеушіліктің салдары ма, тіпті жоғары жақтан көп кедергі кездесті. Жеткен жетістігімізді көре алмағандар аяқтан да шалды.

Тек бертін келе Елбасының жеке қолдауына ие болған соң ғана жағдайымыз жақсарып, ісіміз ілгері басты. Бүгінде біздің шаруашылықтың 22 га жері бар. Оның 14 гектарына алма бағы орналасқан. Осы бақтың арасынан да көкөніс егуге орын тауып отырмыз. Бұған қосымша сегіз гектар жерімізді және арнадық. Сонда тамшылата суару әдісін тиімді пайдаланып, жылына 380-450 тонна өнім алып жүрміз. Оны қолжетімді бағамен қала мен село халқына ұсынамыз. Былтыр маусым айынан бастап желтоқсанның соңына дейін облыс орталығында сенбі-жексенбі күндері ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне тұрақты қатысып келдік. Оның үстіне, екі селолық округте, ал қалада бес жерде көкөніс сататын дүңгіршектеріміз жұмыс жасайды.

Бұл – қол жеткен табысымыздың басы ғана. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы өз күшімізбен 3000 шаршы метрлік жылыжай құрылысын аяқтадық. Оны биылғы наурызда іске қосқалы отырмыз. Осының бәрі — жұмысты инновациялық талаптарға сай жүргізіп,  агротехникалық шараларды жүйелі де ұтымды ұйымдастырудың жемісі. Елбасы халыққа Жолдауында «Қазақстанныңагроөнеркәсіпкешенінинновациялықбағытқатүсірумаңызды. Бұлбіздіңдәстүрлісаламыз. Азықтүліккедегенқажеттілікартабереді. Бұлсекторғаинвестициякөбірексалынады» деген болатын.

Міне, осы қолдауға жауап ретінде ағымдағы жылға өзімізге қомақты міндеттер алып отырмыз. Атап айтқанда, алдымен,егер жер телімі оңтайлы шешілсе, онда егіс көлемін 50 га жерге дейін ұлғайтып, оның 15-20 гектарына тамшылата суару әдісімен картоп егуді қолға алмақпыз. Сондай-ақ,  жылыжай көлемін мүмкіндігінше өсіріп, одан жыл бойы өнім алуға тырысамыз. Сонымен қатар, сыйымдылығы 1000 тонналық көкөніс сақтау қоймасын тұрғызып, оны алдымыздағы күзге дейін қатарға қосуды межелеп отырмыз. Ақырында,егіншілікпен ғана шектелмей, алдағы жылы ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы өндірісімен де айналыспақ ойымыз бар.

Жалпы, менің ойымша, өңірдегі шаруашылықтардың бәрі де өнім өндіру тәсілдерін жақсы меңгерген. Тек соны қазіргі стандартқа сай жабдықтармен өңдеу кенже қалып келеді. Демек, оны да назардан шығармауымыз қажет. Ал, мұның бәрі қомақты қаржыны керек етеді. Біз әзірге шағын несиемен ғана шектеліп келеміз. Сондықтан, «көрпеңе қарай көсіл» демекші, ірі істі ілгері жылжытуға мүмкіндігіміз шектеулі.

Рас, қазір мемлекет пен облыс тарапынан ауыл шаруашылығына қолдау жыл санап жақсарып келеді. Елбасының биылғы Жолдауы да бізге тың серпіліс, жаңа күш-қайрат берді. Енді оған өзіміз де үлес қосып, қолдан келер шаруаны жасағанымыз жөн.

Жұмахмет ХҰБАЙДУЛЛИН,
«Арай» шаруа қожалығының басшысы, 2013 жылдың 
«Үздік ауыл шаруашылығы 
қызметкері» атағының иегері,
Қайыршақты селолық округі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button