Жарнама
Саясат

Еңбеккер мүддесі ­­– алғы кезекте

Жолдау жолдарынан:

«Қазақстандықтардың әл-ауқаты бірінші кезекте тұрақты табыс пен сапалы өмірлеріне байланысты. Адамның өзі еңбексүйгіш болған кезде табысы да арта түседі. Мен мұны үнемі айтып келемін»

180113-3 (1)

Елбасының кешегі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын мұқият тыңдап, ой елегінен өткізіп отырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға арналуы жайдан-жай емес.

Әлемдік аренадағы абырой-беделі артып, экономикасын қарыштап дамыту арқылы дүние жүзіндегі озық отыз елдің қатарына енуді көздейтін Қазақстанда барлық жағдай бар. Елдегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өсім, халықтың әл-ауқат дәрежесінің көтерілуі де себеп болары анық.

Мемлекет басшысы жақында Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезіне қатысушыларына арнаған құттықтауында еліміздегі кәсіподақ қозғалысының үлкен беделін атап өтіп, оң бағасын берген-ді. Шынында да, қазір бұл қоғамдық ұйымға арқа сүйейтіндер, одан белгілі бір дәрежеде шарапат көретіндер қатары көбейіп келеді. Себебі, бүгінде қазақстандық кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер құқықтарын табысты қорғап, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмысшы-қызметкерлердің жұмысы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөле бастады.

Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясы өзіне еңбек саласын жаңғырту жөнінде жауапкершілік ала отырып, жұмыс берушілермен бірге барлық қызметкерлердің Ата Заңымызбен белгіленген құқықтарын қорғап, үшжақты әлеуметтік әріптестікті нығайтуға күш салуда. Қазір облыстық Кәсіподақтар федера- циясы ­­– 70 мыңға жуық кәсіподақ мүшесін біріктіріп отырған ірі қоғамдық ұйым. Бізде 601 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.

Елбасының халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға, еңбек жанжалдарын шешуге, еңбекшілердің құқықтарын қорғауға, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал ету арқылы кәсіподақ белсенділерінің көмегімен қоғамдық ұйым беделін көтеруге жұмыстанатын боламыз.

Ізтұрған БАЙМҰҚАНОВ,

«Атырау облысы кәсіподақтар  орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button