ЕҢБЕК ҮЗДІКТЕРІНЕ – МАРАПАТ
Еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, олардың қызметін бағалап, «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау сіздердің өз істеріңізге деген адалдық пен біліктіліктеріңіздің өтемі, — деді инспекция басшысы Жақсылық Іздібаев.
Марапатқа ие болған аталмыш инспекция басшысының орынбасары Найзабек Сүгіров осы салаға 19 жылын арнаған жан болса, бухгалтерлік есеп және қаржы жұмысы бөлімінің басшысы Жансұлу Шариева инспекцияда ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келеді. Сол сияқты, автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы Ахметқамбар Ғаббасов Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында көптен бері қызмет атқарады. Ол «Құрметті автокөлікші» төсбелгісі, «Үздік автокөлікші» төсбелгілерінің иегері. Ал, су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы Юрий Жидковтың мамандығы – кеме жүргізуші, өзен флотының кеме механигі. Саладағы қызмет өтілі – 28 жыл.
«Бүгінгі марапат жылдар бойы төккен тер мен еңбегіміздің жемісі. Мұндай марапаттар еңбек адамының абыройын жастардың еңбекке деген ұмтылысын арттыратыны сөзсіз»,-деген автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы Ахметқамбар Ғаббасов басшылық пен ұжымға ризашылығын жеткізді.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.
Х а б а р л а м а
«Атырау облысында 2015 жылғы 9 қараша күнгі жағдай бойынша жалпы құны 6,9 млрд. теңге құрайтын 922 өтініш жарияланды».