Жарнама
Саясат

ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Елбасы Жолдауындағы «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» деген сөздері ерекше әсер етеді. Жастарды мәдени құндылықтарға тарту – жастар саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің филиалда өндірістік жұмыстармен қатар, жас қызметкерлер арасында патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру бағытында жылдық жоспар жасалды. Жас қызметкерлерді отанына, өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, онда тұратын халыққа, мерекелері мен күнделікті тірлігіне, мемлекеттік символына деген айрықша тұлғалық сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жас мамандармен өткізілген шара барысында, қатынасушыларға Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы – еліміздің ең басты құндылығы екендігі айтып түсіндірілді. Мекемеде жұмыс жасайтын жас қызметкерлер үшін Сарайшық мұражай-қорығына, Атырау облыстық тарихи-өлкетану және Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайларына саяхатқа бару шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын негізгі заң – Ата Заңымызға, Ел Тәуелсіздігіне арналған «Бірлігі жарасқан байтағым» және «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі», «Дін және мемлекеттілік» атты тақырыптарда мемлекеттік органдар өкілдерінің қатынасуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау бағытында мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы  жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының бейнематериалы көрсетілді. Филиал жеке құрамы Жолдаудағы мазмұны терең ауқымды мәселелерді қамтитын Елбасының айтқан сөздерін бар ықыластарымен көріп тыңдады.

«Ақ Берен» Атырау атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалы мұнай және газ атқыламаларының пайда болуының алдын алу және оларды жою жұмыстарын жүргізуде мол тәжірибесі бар, мамандандырылған әскерилендірілген құрылым. Оның қызметінің негізгі бағыты – Атырау облысы мұнай секторында жұмыс атқаратын жер қойнауын пайдаланушылар объектілерінде профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады. Қызмет көрсетілетін кәсіпорындар нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша өзара бірлескен іс-қимыл шараларын жүргізу, жеке құрамның жан-жақты дайындығын қажет етеді. Біздің мамандар өздерінің теориялық және практикалық білімдерін шыңдап, сол талапқа сай болуға жұмыстанып келеді.

Филиал басшылығы алдағы уақытта да қызмет көрсетілетін кәсіпорындар нысандарында мүмкін болатын апаттарды оқшаулауға және жоюға күштер мен құралдардың жедел жіберілуін, әзірленген және бекітілген өзара әрекет ету жоспары, сондай-ақ оқу-жаттығу сабақтары мен дабылдары жоспарлары бойынша апаттық-құтқару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілуін, эвакуация іс-шараларын ұйымдастыруға қатысуды қамтамасыз ететін болады.

 

Теміржан МАХМУТОВ,

«Ақ Берен» Атырау атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының директоры.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button