Жарнама
Саясат

Демократиялық дамудың даңғыл жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған республика Парламентінің Мәжілісінтарату және жергілікті Мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойды.

Сөз жоқ, өткен жылдан бері Қазақстан азаматтары Президенттің Жаңа Қазақстан құру жолындағы игі бастамасын қолдап келеді. Соның бірі – конституциялық реформа. Ата Заңымызға енгізілген көптеген өзгерістер былтырмаусымдағы бүкілхалықтық референдумдамақұлданды. Парламент Мәжілісі менмәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – еліміздегі конституциялық реформалардыңзаңды жалғасы.

«Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бірмандатты округтерден, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады» — деді өз мәлімдемесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бұл – еліміз шын мәніндегі демократиялық дамудың даңғыл жолына түседі деген сөз.

Ерқұл Дәулетбаев,

Жылыой ауданы, 

Құлсары қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button