Жарнама
Саясат

Дауыс беруге шақырды

Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болып, профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен бірге алдағы референдумды талқылады.

Б.Жұмағұлов кездесу барысында конс­ти­туциялық реформалардың маңызын атап өтіп, еліміздің Конституциясына енгізі­ле­тін өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжей айтып берді.

«Елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Жаңа Қазақстан идеясының дамуы Екінші республиканың тұжырымдамасында мазмұндалған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай үлкен өзгерістерді қолға алды. Егемендік, жеріміз, еліміз және тіліміз – біздің басты құндылығымыз болып табылады. Біз қазақ тілінің дамуына баса назар аударуымыз керек. Әрине, біз басқа да шет тілдерін білуіміз керек, бірақ алдымен туған тілі­мізді құрметтеуіміз керек», деді Сенат депутаты.

Өз кезегінде Н.Бекенов студент­тер­ді мемлекет дамуына белсенді қатысуға шақырды. Ол үшін биыл 5 маусымда өтетін референдумға қатысу аса маңызды болып отыр.

«Конституциялық өзгерістер – бұл сая­си реформа ғана емес, сонымен бірге біз­дің қоғамдағы үлкен өзгеріс. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясының 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Сондықтан бәріңізді референдумда дауыс беруге шақырамын, бұл біздің азаматтық парызымыз», деді Н.Бекенов.

egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button