Жарнама
Саясат

«Дамбыға егістік су қажет» дейді сайлаушы Мақпал Темірова

«Егін суарып, мал бағу – ауыл адамдарының ата кәсібі. Осы бағыттарды өрістетсе, ауыл-аймақ та түрленіп, жаңарады. Халық көп шоғырланып, көшу де азаяды. Аталған жұмыстарды жүйелі, дұрыс жүргізу – ауыл әкімдерінің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, халықтың өзі сайлаған әкімнің ауыл мәселесінің дұрыс шешілуіне мүдделі болары анық».


Осылай деген Мақпал Темірова – медицина саласында ұзық жылдар еңбек еткен зейнеткер. Егін шаруалышығын өрістету үшін Дамбыға егістік су қажеттігін айтқан ол ауыл әкімдерін сайлау науқанына қатынасуға келген ауылдастарын көріп, құдды мерекедегідей көңіл-күй кешкенін айтады. Коронавирус індетінен тезірек арылып, қалыпты өмірге оралуды тілеген ана сайлау нәтижесі ауыл тұрғындары үшін аса қолайлы боларынан үмітті екенін айтты.
Бүгін ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Таңертеңгі 7.00-де басталған науқан кешкі 20-00-ге дейін жалғасады.

Гүлжан Әмірова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button