Жарнама
Саясат

CЕНІМГЕ САЙ ІС КЕРЕК

 

Жуырда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жолдады. Бұл құжатта сан салада атқарылып жатқан жұмыстардың барлығына талдау жасалған. Назардан тыс қалған сала жоқ. Тығырықтан шығу жолдары тайға таңба басқандай айқын. Әсіресе, мені қатты толғандырғаны – Ұлттық қордағы жинақ, халық несібесі. Президент төкпей-шашпай қолға түскенді артқа ысырып, алыстан болжады, ертеңгі күнді, ел-халқының қамын ойлады. Міне, енді ешкімге қол жаймай, барымызды пайдаланатын кез келді. Бес мақсатқа бөлінген қордың екеуі Атырау өңіріне тиесілі екендігін қалай айтпасқа? Бұл істердің барлығы да Президенттен қаншама қайрат пен жігерді, ерен еңбекті қажет етеді дейсіз?

Елбасы кәсіпкерлікті дамытуға әрқашан да көңіл бөліп, өз ісін дамытамын дегендерге үнемі қолдау көрсетіп келе жатыр. Экономиканың негізгі қозғаушы күші деп баға беріп, кәсіпкерлерге үлкен сенім артып отыр. Бұл дегеніміз үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Жолдауда осы салаға қосымша тағы да 100 миллиард қаржы бөлінетіндігі айтылған. Осындай қомақты қаржы бөлу, мораторий жариялап,  кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс жасауына жағдай туғызу – меніңше, тек біздің мемлекетімізде  жүзеге асып жатқан шаралар. Сондықтан Президенттің бұл қамқорлығы мен сенімін ақтау облыс кәсіпкерлеріне үлкен міндет жүктейді. Бұл мүмкіндіктер қай салада болмасын кәсіпкерлеріміздің ынта-жігерін оятып, әртүрлі жобалармен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді деп есептеймін.

Табыс оңайлықпен келмейді. Тынымсыз еңбек пен ізденіс, білім мен іс-тәжірибе тоғысқанда ғана түпкі нәтижеге қол жетері анық. Елбасының Жолдауында дамыған 30 елдің қатарына қосылу, экономиканың қарышты дамуы, басқа да салалардың өркендеуі сайып келгенде Қазақстанды тек алға апаратын сара жол екендігі айқындалды. Мемлекет басшысы халқына сенеді. Ендеше, «ел-халқым, ұрпағымның болашағы» деген әр азамат Президент тапсырмаларының бұлжымай орындалуына жауапты, әрі осы жолда тынбай еңбек етуге тиісті.

Асылбек ЖӘКИЕВ,

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button