Саясат
«Бүкілхалықтық талқылау – демократиялық принциптің көрінісі»
Атырау облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Максим Ізбасов референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ATPress.kz.
«Ел өміріндегі саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ата Заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу бағытында саяси науқан өз жұмысын бастады. Бұл бастама ел азаматтарының сұранысына негізделген» дейді ол.
Тарихи сипатқа ие болған бұл референдумның қисынды шешім екендігін атаған қоғамдық кеңес төрағасы саяси науқандағы ел белсенділігін ерекше атады.
«Бүкілхалықтық талқылау және осынау референдумға халықтың белсенділігі демократиялық принцип негізінде жүзеге асып отырғанын айта кету керек» деді Максим Ізбасов.