Жарнама
Саясат

БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ БАҒДАР

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының жартысы мен 90-шы жылдардың басында Атырау-Индер тас жолы жаңа салынып, пайдаланылды. Нақ сол жылдары жолаушы және жүк тасымалы шырқау шегіне жетті. Жолдың жағдайы бірнеше жыл бойы өзеннің Еуропа бетіндегі республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолынан да жақсырақ болды. Жол бойы асханалар, жанармай бекеттері салынды. Бұл жолмен орта Азия мемлекеттерінің де көліктері жүре бастады. Сол кезде совхоздардың да экономикасы шалқи түсті. Бірақ, Одақ ыдырағаннан кейінгі дағдарыс кезеңінде жол күтімсіздікке ұшырап, ол толықтай істен шықты. Көлік біткен Жайықтың оң жағалауындағы жолға ауып кетті. Асханалар, жанармай бекеттері банкрот болып табылды.

Осы қиындықтар облыс басшылығына Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлының келуімен шешімін таба бастады. Қазір Атырау – Индер тас жолы толығымен аяқталу кезеңінде, ал Махамбет селосының тұсынан салынып жатқан көпір үстіміздегі жылы аяқталады деп күтілуде. Жол бойы көліктер мен жолаушылар аялдамалары, эстакадалар, жолдың басқа да атрибуттары жасалуда. Сонымен қатар, жол бойындағы ауылдарға кірме жолдар мен селоішілік көшелерді асфальттауға кірісуде. Өткен екі жылдың ішінде ауылдарға бірнеше селолық дәрігерлік амбулатория, мамандарға арналған үйлер, спорттық және ойын алаңдары салынды, мәдениет үйі тапсырылды. Мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жаңа деңгейге көтерілді.

Ауыл тұрғындарын көптен бері мазалап жүрген мәселенің бірі – селоны жазғы суландыру мәселесі еді. Облыс басшылығы ауылдарда жазғы суландыру жүйесін салуды қолға алды. Осы мәселенің тереңіне үңілсек,  оның тек экологиялық қана емес, экономикалық, әлеуметтік, эстетикалық, тәрбиелік маңызы барын байқауға болады.

Біздің басты айтпағымыз, біріншіден, Елбасымыздың Жолдауындағы көлік логистикалық инфрақұрылым мәселесінің  өзектілігін сезіну болса, екінші жағынан, осы сауапты істің басы-қасында жүрген облыс басшылығына өзен жағалай қоныстап отырған 18 елдімекеннің тұрғындарымен бірге өзімнің алғыс сезімімді білдіру. Сауапты іске алғыс мол, тілектер шынайы. Елдің атын  ер шығарса, ердің атын ел болып шығарған жөн болар.

Қуаныш НҰРАЛИЕВ,

ардагер ұстаз,

Ақжайық селосы,

Махамбет ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button