Жарнама
Саясат

БИЗНЕСКЕ КЕДЕРГІ БОЛМАЙДЫ

 

Бүгінгі облыс әкімінің есебі өңір өмірінің барлық салаларын толықтай қамтыды. Көптеген жұмыстардың атқарылғандығын, олардың нақты нәтижелерін де көріп, біліп отырмыз.

Облысымызда бүкіл еліміз үшін маңызды, болашағы жарқын индустриалды-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Мұнай өнеркәсібінде машина жасау секторы қарқынды дамып келеді. Жергілікті тамақ өнімдерінің де көлемі көбейіп, үлес салмағы ұлғаюда.

Ұлт жоспарында міндеттелгеніндей, кейінгі кездері атқарушы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілері арасында серіктестік қарым-қатынас берік орнады. Орынды-орынсыз тексерістер сиреді. Бақылау, қадағалау функциялары күшейтілді. Бизнестің өркендеуіне тосқауыл қоятын кедергілер мен шекаралар жойылды. Түрлі мемлекеттік бағдарламаға қатысып, өз ісін бастауға ынталы адамдардың қатары өсті. Осындай оңды өзгерістерге билік пен бизнестің арасындағы ынтымақтастық септігін тигізіп, ықпал етті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button