Жарнама
Саясат

БИЗНЕСКЕ – ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

alogo2050

Атырау облысының ауқымды транзиттік әлеуеті және Қашаған мен Теңіздегі ірі жобалардың жүзеге асуын ескере отырып, өзіміздің тауарларды тасымалдау үшін логистикалық орталықтар құру қажет. Бұл ретте қазақстандық бизнес аталған саланы жолға қойып, тапсырманы іске асыруға қолғабысын тигізетінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, тасымал әлеуеті мен логистикалық нарық қарқыны экономиканың өзге де секторларын дамыта түспек.

Осы орайда Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкіметке 2030 жылға дейін транзиттік әлеуетті өркендету бағытында бағдарлама әзірлеуге тапсырма жүктеген еді. Атырау облысының Кәсіпкерлер Палатасы бағдарламаны жасақтауға үлес қосуға толықтай әзір.

Президенттің бизнесті отбасылық дәстүр ретінде дамыту идеясына мен де қосыламын. Тіпті күні бүгіннің өзінде оның алғышарттары жүзеге аса бастағандай. Заңды тұрғыдан алып қарағанда кәсіпкерлікті рәсімдеу, оны мұрагерлікпен беруге ешқандай тыйым салынбаған. Мәселенің екінші жағы – халқымыздың мәдениетінде мұндай үрдіс қалыптаспаған. Демек, осы орайда екі бағытта жұмыс жасау қажет: біріншіден, әлемдік тәжірибелерді келтіре отырып, отбасы бизнесінің құндылықтарын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау; екіншіден, инфрақұрылымды дамыту – кәсіпкерлікке бала кезден, яғни, мектеп қабырғасынан еңбекке тарту керек. Мәселен, балаларын бизнеске оқыту ісінде ата-ананың жауапкершілігі де назардан тыс қалмауы тиіс.

Жолдауда мобильдік, космостық, нанотехнология, роботтехника секілді инновациялық салаларды өркендету жайына ерекше көңіл бөлінді. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша көптеген жас буын өкілі осындай бағытпен әлемдегі үздік оқу орындарына жіберілуде. Сонымен қатар, Назарбаев университеті базасында қосымша жаңа инновациялық бағыттар дамудың даңғыл жолына түсті.

Атырау бизнесі үшін маңызды тағы бір жайт — технология трансферті мен біріккен кәсіпорындар құру мәселесі. Аймақтағы бірқатар мекемелер жаңа технологияларға зәру. Бұл ретте Палата шетелдік технологиялық компанияларды тартуда біраз жұмыстар атқарып жатыр.

Асылбек ЖАКИЕВ,

Ұлттық Кәсіпкерлер

Палатасы Атырау

филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button