Жарнама
СаясатСарапTime

БЮРОКРАТИЯДАН құтылудың жолы қандай?

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ. ПРЕЗИДЕНТ БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА ДА ТОҚТАЛЫП, «БҰЛ ҚҰЖАТ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ІШКІ РӘСІМДЕРДІ ТҮБЕГЕЙЛІ ҚАЙТА ҚАРАП, ЗАҢ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ҮДЕРІСТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ БАСТАУЫНА АЙНАЛАДЫ» ДЕП НАҚТЫ ТҮСІНДІРГЕН ЕДІ.

«Ашық, әділ, естуші мемлекет» Жаңа Жарлыққа сəйкес, ресми о р г а н д а р д а ш е ш і м д е р ж е д е л қабылданып, бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігі артады. Құжат айналымы мен есеп беру азаяды. Сонымен қатар, жүктелген міндеттерді жедел жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер нормативтік құқықтық актілерді қабылдай бермек. Ол үшін өз функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпайды. Тағы бір жаңалық – бюджет үдерістерінің кезеңдері екі есе қ ы с қ а р а д ы . С о н ы м е н қ а т а р ведомстволық есеп беру ісі де жүйеленіп, автоматтандырылмақ. Демек, бұл Жарлық мемлекеттік қызметшілерді қажетсіз рəсімдер мен үдерістерден босатады. Бұл – біз көздеп отырған отырған «ашық, əділ, естуші мемлекет» қағидатына жетуге бастайтын бірден[1]бір қадам. Мемлекет басшысы бекіткен Жарлыққа сəйкес, бюрократиядан арылудың бірнеше маңызды қағидаты айқындалды. Жоғарыда аталғандарға қоса, мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен жəне бір[1]бірімен цифрлық форматта өзара іс[1]қимыл жасауының басымдығына мəн берілмек. Мемлекеттік аппараттың бюрократияны қысқартуға, жүйелі реинжинирингке жəне ішкі рəсімдер мен процестерді оңтайландыруға ынталандыратын ұйымдастырушылық мəдениетін қалыптастыру жəне қолдау да – приоритетті қадам. Байқағанымыздай, Жарлықта жүйелі жəне қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппараттың жедел, нəтижелі əрекет етуіне септеседі. Кешенді реинжиниринг негізінде ведомстволық есеп беру ісін жүйелеу жəне автоматтандырумен қоса, ақпараттық жүйелерде бар мəліметтерді мемлекеттік органдардың сұратуына тыйым салынады. Бұған қоса, қағаз түріндегі құжаттарға бұрыштама соғу жəне олардың парақтарына алдын-ала қол қою жойылмақ. Қашықтан жұмыс істеу үшін мемлекеттік органдардың басшыларын құралдармен қамтамасыз етіп, жағдай жасау жəне басқа да мəселелер қарастырылатын болды. Бұл процестердің барлығы да – өмірлік қажеттіліктен туындаған маңызды шешімдер. Басымдық беретін тағы бір маңызды фактор – Жарлықта қамтылған шаралар түпкілікті нəтижеге əсер етпейді. Сайып келгенде, бұл қадамдар мемлекет басшысының саяси жəне экономикалық реформаларын мемлекеттік аппараттың тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Қағазсыз құжат айналымы Цифрлық мемлекет – көзделген мақсаттың бірі. Оның аясында жүргізілетін іс-шаралар нəтижесінде азаматтармен барынша аз қатынас жасау жəне олардан қандай да бір мəліметтерді сұратуды азайту көзделуде. Нəтижесінде, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту азаматтар үшін сервис сапасын арттыруға алып келеді. Өйткені, бұрынғы шарттар бойынша алдымен ережелер жасалып, содан кейін ғана процесс автоматтандырылатын. Қорытындысында, азаматтар растайтын құжаттарды əкелуге мəжбүр болып, процесс бір мəселені шешу үшін əртүрлі өтініштер беруді немесе бизнесті бақылау рəсімдері объектіге барып, тексеру арқылы жүзеге асырылатын. С о н д ы қ т а н , Ж а р л ы қ т а көзделгеніндей, цифрландыру – бюрократиядан арылудың келесі қағидаты. Қағазсыз құжат айналымына көшу – өмірдің өзі туындатқан талаптың бірі, ол туралы айтылғанына да біраз жыл болды. Алайда, осы уақытқа дейін құжаттар электронды форматта қ а л ы п т а с т ы р ы л ғ а н ы м е н , қ а ғ а з тасымалдағышта қайталанып келеді. Қазір цифрлық технологиялардың дамуы қарқынды. Сондықтан бұл қағидатты іске асыру үшін шаралардың тұтас бір блогы қарастырылған. Олардың ішінде – заң шығару аясында қағазбастылықтан бас тарту. Бұдан басқа, рəсімдік мəселелер жетілдіріліп, сəйкесінше, бұл қадам жекелеген процестерде формализмді айтарлықтай жояды. Бұл қағидатты тиімді іске асыру аясында көзделген іс-шаралар қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдеп, кеңсе қағаздары, онымен байланысты өзге де тауарларды алуды азайтады. Мамандар есептердің барлық түрін бір ақпараттық алаңда жүйелеуді жоспарлап отыр. Демек, бұл бастама іске асқан кезде мемлекеттік органдарға бірнеше, əр жердегі дереккөздерден қажетті деректерді іздеу қажет болмайды, олардың барлығы бір жүйеде жинақталады. Тиімді шараның бірі ретінде белгіленген шаралар шеңберінде «Е-өтініш» жүйесі өтініштердің барлық түрін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде өзгертілетінін де айта кетелік. Бүгінде мемлекеттік аппарат 35 мыңнан астам функцияны жүзеге асырады. Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын олардың саны қазіргіден бірнеше есе аз болатын. Бұл жыл сайын мемлекеттік органдар функцияларының саны артатынын айғақтайды. Осыған байланысты, Президент Жарлықта жаңа, жеткіліксіз негізделген бюрократиялық талаптардың енгізілуіне жол бермеуді тапсырды. Қолдан жасалған кедергілер жойылады Жарлықта бес жаңа қағида туралы айтылды. Ел Президенті мемлекеттік аппарат жұмысындағы басымдық формасы емес, мазмұны болуы тиіс екенін нақты атап өтті. Сондықтан, бюрократиядан арылудың тағы бір қағидаты – мазмұнның формадан басымдығы. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы міндеттер мен нəтижелерге қол жеткізуге емес, күнделікті операциялық қызметке бағытталған. Оның үстіне мемлекеттік органдар арасында кешенді, өзара іс[1]қимыл жоқ екені де мəселені қиындата түседі. Жаңа құжат осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. Осы мақсатта ведомоствоаралық форматтағы тетіктер мен рəсімдердің де ролін қайта қарау лəзім. Бюрократияны қысқартуды, жүйелі реинжинирингті жəне ішкі рəсімдер мен процестерді оңтайландыруды ы н т а л а н д ы р а т ы н м е м л е к е т т і к аппараттың ұйымдастырушылық мəдениетін қалыптастыру жəне қолдау. Бұл да – Жарлықта қарастырылған қ а ғ и д а т т ы ң б і р і . М е м л е к е т т і к қызметшінің реформаларды өткізуші бола отырып, өзекті шараларды əзірлеуге белсенді түрде тартылуы өте Нұрлыбек ОЖАЕВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты маңызды. Сондықтан Жарлықта бизнес[1]процестерді реинжинирингтеу бойынша шаралар блогы қарастырылған. Ең алдымен, мемлекет басшысы Президент Əкімшілігінің бақылауындағы барлық тапсырмаларға толық ревизия жүргізіп, ішкі процестерді қайта қарауды тапсырды. Оң нəтиже беретін бастама екені сөзсіз. Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктеліп отырған негізгі мəселенің бірі – бюрократияның алдын[1]алу мақсатында, барлық əкімшілік рəсімдерге талдау жасап, əр жарты жыл сайын нəтижесімен нақты ұсынымдар беру арқылы қолданыстағы салалық нормативтік құқықтық актілермен бекітілген ережелер мен қағидаларды үнемі жаңғырту. Аталған мəселе – өте өзекті. Өйткені, мамандардың айтуынша, соңғы үш жылдың өзінде азаматтарға қызмет көрсетуден 4 мыңнан астам негізсіз бас тарту фактісі анықталған. Бұдан бөлек, 16 мыңға жуық қызмет алуға келген азаматтың өтініштерінің негізсіз уақытын созып, əуре-сарсаңға салған деректер де болған. «Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат» қағидатымен артық, заңда көрсетілмеген құжат сұратып, қолдан кедергі жасап келген жағдайлардың саны үш жылда шамамен 130 мыңға жетті. Осылардың барлығына себепші – бюрократия. Бұл тек анықталғаны ғана. Демек, əбден əуре-сарсаңға түсіп, қағазбастылықтан қиналған азаматтар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Іс-шараны тиімді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасында жыл сайын бюрократия мəселесіне қатысты онлайн сауалнама жүргізілу көзделіп отырғаны да қуантарлық. Бұл – сөз жоқ, бюрократиялық тетіктердің жасырын түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін тиімді шара.

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ЗЕРДЕЛЕП, МАҚСАТТЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС ЛЕГІ КӨП. ӨЗГЕРІСТЕР АУҚЫМДЫ. ҚАЗІР – ТЕЗ ҚИМЫЛДАП, ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН УАҚЫТ. СОНДЫҚТАН, АҒЫМДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ДА АҚСАТПАЙ, ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ДА МЕЙЛІНШЕ ТЕЗ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ. БЮРОКРАТИЯНЫ МЕЙЛІНШЕ АЗАЙТҚАНДА ҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АТАҒАН МІНДЕТ-МЕЖЕЛЕРДІ ТАБЫСТЫ ШЕШУГЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ БАЙЛАНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛАНУЫ ТИІС. БҰЛ – ЕЛІМІЗДІ ДӘЙЕКТІ ТҮРДЕ ІЛГЕРІ ДАМЫТУДЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. ЕНДІГІ ЖЕРДЕ, МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ МАҚСАТЫ АЙҚЫН, ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙТІН, БИЛІКТЕГІ НЕГІЗГІ САЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ НАҚТЫ ҰСТАНЫМДАРДЫ АЙҚЫНДАҒАН МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ АРҚЫЛЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАТУЫ ТИІС.

Нұрлыбек ОЖАЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button