БІРІНШІ БАҒДАР – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

raporpo Саясат

Мемлекет басшысы: «БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ».

Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан тың тәсілдер қажет екендігі сөзсіз», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Біздің экономикалық саясатымыздың базалық мақсаты – өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың сапалы әрі инклюзивті тұрмысы қамтамасыз етілуі керек», – деді Президент.

Сондай-ақ, ол баршаға бірдей мүмкіндік жасау жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болуы керектігін атап өтті.

«Жаңа экономикалық бағдардың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру яғни, мемлекеттік капитализм мен мемлекеттің экономикаға шектен тыс килігуінен кету; бәсекелестікті дамытып, баршаға бірдей мүмкіндік жасау және әрине, ұлттық табысты әділетті бөлу болмақ.», – деді Мемлекет басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз