Жарнама
Саясат

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

 

Бірінші бағыт – білім беру жүйесі мазмұнын жаңарту болса, жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұны №17 мектеп-лицейінің бірінші сыныбына аппробациядан өтеді.

Екінші бағыт – педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру. Бүгінгі таңда қала мектептерінде 4071 педагог қызмет етеді. Оның ішінде жоғары білімді – 3582, қалғаны арнаулы орта білімді мамандар. Жоғары санатты педагогтар – 610, бірінші санатты – 1319, сапалық құрам – 47 пайыз. Қазіргі кезеңде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» – педагогикалық шеберлік орталығында даярланған жаңа форматта-деңгейлік курс бағдарламасы бойынша 526 мұғалім білімдерін жетілдіріп, мектептегі оқу үдерісінде тың жаңалықтар енгізуде.

Үшінші бағыт – білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту. Қазіргі кезде мектептер физика, химия, биология, мультимедиалық-лингафондық кабинеттермен жабдықталып, алдағы уақытта да мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмысы жоспарлану үстінде. Биылғы оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап көп тілде білім беруді енгізу жалғасын тауып, үшінші сыныпқа ағылшын тілін оқыту енгізілетін болады. «E-learning» электрондық оқыту жобасын енгізу жұмысы 15 мектепте өзінің жалғасын тауып келеді.

Осы оқу жылында қала бойынша 56 мемлекеттік, үш жеке меншік мектепке 51015 оқушы барады деп жоспарлануда. Оның 7300-і – мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер. Орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін қала жалпы орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

№14, Еркінқала, Қ.Смағұлов, Жамбыл, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептері күрделі жөндеуден өткізілді. №1, №14, №15, №23, Ғ.Мұратбаев, Ф.Оңғарсынова, №28, Т.Амандосов, Қ.Сәтбаев мектептеріне жапсаржай асхана құрылыстары жүргізілуде. Т.Амандосов, №26, №25, №12, №15, қалалық лицей, №2, №19, №31, №9 мектептерге күрделі жөндеу жүргізілуі үшін жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. №4, №5, №6, №19, техникалық гимназия, Жамбыл, Қ.Смағұлов, Ә.Жангелдин, Қ.Сәтбаев мектептеріне өртке қарсы дабылқаққыш орнату үшін қаражат бөлініп, қазіргі таңда жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында Атырау қаласында математика, физика пәндерін тереңдетіп оқытатын лицей ашылып, өз жұмысын бастағалы отыр. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған мектеп кешкі мектеп болып ауысып, оның жанынан мамандыққа оқушыларды даярлау жұмысы жүргізілмекші және №14, №28 негізгі мектептер орта мектеп болып қайта құрылды.

Қала мұғалімдері «Үздік математика пәні мұғалімі», «Үздік сабақ», «Үздік менеджер», «Үздік дінтанушы» және республикалық «Үздік инновациялық идеялар фестивалі», «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқауларына қатысты. Жеңімпаздар облыстық деңгейден көрінді. Бөлім жанындағы әдістемелік кабинет жұмысы жандандырылып, мұғалімдерге әдістемелік көмек беру жұмысы жолға қойылды.

Өткен оқу жылында қала мектептерінде 47352 оқушы білім алып, білім сапасы 52,4% көрсетті. Оқушыларымыздың әр түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңіске жетуі қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік деңгейде танылуының көрінісі және оның сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Өткен оқу жылы 18 оқушы халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері, 8 оқушы республикалық олимпиаданың, 7 оқушы республикалық «Зерде» зерттеушілік байқауының жеңімпаздары атанды. Оқу жылында PISA, TIMSS, халықаралық зерттеулері негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды ескере отырып, оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу қолға алынды. Аталмыш зерттеулерге №22, №27, Ы.Алтынсарин, М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушылары қатысты.

Мұғалімнің де, оқушының да білімін саралайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы – бүгінгі күннің басты мәселесі. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 22 «Алтын белгіге» үміткердің 5-еуі ( №17 мектеп-лицей, Еркінқала, №3 мектеп, №24 мектеп, №5 мектеп), «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер 15 оқушының3-еуі (№20 мектеп, №17 мектеп-лицей, М.Өтемісов мектептері) өз білімдерін дәлелдеді. Дегенмен, сынақта көрсеткен көрсеткіш көңіл көншітпегенін баса айта отырып, қала мектептеріндегі білім сапасының көрсеткішіне әлі де болса ерекше назар аудару бүгінгі білім беру қызметкерлерінің бірден-бір міндеті болмақ.

Шәкірттердің зияткерлік және рухани дамуының бірден-бір қайнар көзі оқулық екендігі даусыз. Өткен жылы оқулық сатып алуға 53 млн. теңге бөлінсе, оқулықтардың жетіспеу проблемасын шешу мақсатында биылғы оқу жылында 294 млн. теңгеге 394412 оқулық сатып алынып, «Мектепке – оқулықпен» акциясы аясында оқушыларға таратылып берілді. Осы оқу жылында әрбір қазақстандық бірінші сынып оқушыларына Елбасымыз Н.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы ескерткіш ретінде ұсынылатын болады.

1 қыркүйек – Білім күнінде барлық білім беру мекемелеріне «Менің Отаным – Қазақстан» атты бірінші сабақ өткізу ұсынылып отыр. Бұл сабақтың мазмұнында барлық қазақстандықтардың өткен тарихының ортақтығын ұғынуға, олардың тұрақты, мықты және табысты мемлекет құруына ортақ үлес қосуға, азаматтық сәйкестікті, ұлтаралық татулықты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы сабақ арқылы әрбір оқушының өз Отанының болашағы үшін жауапкершілігі мен парызын ұғынуы аса маңызды. Ұстаздар қауымы осы ізгі мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін саларына сенімдімін.

Нұрсауле  САЙЛАУОВА, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button