Жарнама
Саясат

Билік партиясының белсенді қызметі

«AMANAT» партиясы мемлекеттілікті нығайтудың және ел бірлігін бекемдеудің алғы шебінде қызмет атқаратыны белгілі. Жаңару мен жаңғыру миссиясын алған партияның Атырау облысы бойынша 24 мыңға жуық мүшесі 106 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.

Облыстық филиалдың бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысқан форумда қызметті жандандыру және өзара қарым-қатынасты нығайту, қордаланған мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Кәсіпке баулитын жоба

Партия елдегі әр азаматтың өмірін жақсартуға, қоғамдағы проблемалық мәселелерді шешуге ұмтылады. Бұл мақсатта партиялық жобалар нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, жыл басынан бері «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 1000-нан астам өңір тұрғыны оқыды. Бұл жобаға қызығушылық танытқандардың саны көп. Өйткені, жоба несиеден құтылуға, ақшаның басын қосып кәсіп бастауға үйретеді.

Атырау облысында «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра» партиялық жобалары да ел игілігіне үлес қосуда. Жалпы, тұрғындардың өзінің проблемасын партия арқылы шешуге ұмтылуының өзі – партияға деген сенімнің жоғары екендігін дәлелдейді.

Арыз артында адам бар…

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қызметкерлері мен студент жастардан құралған «Бірлік» бастауыш партия ұйымы партияның сайлауалды бағдарламасы мен «Жол картасы» бойынша көзделген тапсырмалардың іске асуына үлес қосып келеді. Бұл туралы Атырау облыстық филиалына қарасты «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Саламат Идрисов айтып берді.

–Былтыр қоғамдық  қабылдауға 1055 өтініш келіп түсті. Негізгі сұрақтар оқуға қабылдау ережесі, жатақханаға орналасу, оқу ақысына жеңілдіктер, басқа жоғары оқу орындарына ауысу, магистратураға түсу, академиялық демалыс туралы болды. Барлық сұрақтар шешімін тапты. «Бірлік» бастауыш партия ұйымы қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік мүддеге жұмыс жасап, партиялық бағдарламаны іске асыруда белсенділік танытып жүр, — деген Саламат Нұрмұханұлы жұмысты жандандыру мақсатында Бастауыш партия ұйымына қайтарылатын нысаналы трансферт қаржысын 30%-ға ұлғайтуды ұсынды.

Ал, партияның Исатай аудандық филиалының «Аққыстау» бастауыш партия ұйымында 300-ге жуық партия мүшесі бар. Оның 70% пайызын әйелдер құрайтын ұйымда денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, әлеуметтік сала ардагерлері мен қызметкерлері өз салаларында өнікті еңбек етуде.

Отбасы құндылығы өзекті

Бүгінде отбасы құндылығы өзекті екені баршаға мәлім. Осы орайда «Аққыстау» бастауыш партия ұйымының төрайымы Назым Жоламанқызы отбасылық зорлық-зомбылық, ажырасу, лудомания, қаржылық сауаттылық, екеуара келіспеушілік сияқты проблемаларға араласып, оң шешімін табуға атсалысқан.

– Әйел адам мүмкіндігі шектеулі ері мен 4 баласын тастап кетіп, қоғам белсенділерімен бірге оның «ажырасамын» деген шешімін өзгертуге ықпал еттік. Әйелді жұмысқа орналастырып, ерін мүгедектік тобына қостырып, балаларын мектепке дайындадық. Айта берсем мұндай мысалдар көп. Жалпы, партиялық жобалардың ауылдық жерлерге бағытталуы тұрғындардың табысын арттырып, жаңа кәсібін бастауға ықпал етеді, — деді исатайлық партия ұйымының төрайымы.

Мақат аудандық филиалына қарасты «Доссормұнайгаз» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мәди Бексеитовтің айтуынша, депутаттар билік пен халық арасында көпір болып, азаматтардың мүдделерін қорғауы және қордаланған мәселелерді шешуге көмектесуі тиіс.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button