Жарнама
Саясат

Билік партиясының белсенді қызметі

«AMANAT» партиясы мемлекеттілікті нығайтудың және ел бірлігін бекемдеудің алғы шебінде қызмет атқаратыны белгілі. Жаңару мен жаңғыру миссиясын алған партияның Атырау облысы бойынша 24 мыңға жуық мүшесі 106 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысқан форумда қызметті жандандыру және өзара қарым-қатынасты нығайту, қордаланған мәселелердің шешілу жолдары талқыланды. Форум жұмысын «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов жүргізіп, аймақтық филиалдың атқарған жұмысына тоқталды.

Атырау облысында «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра» партиялық жобалары да ел игілігіне үлес қосуда. Жалпы, тұрғындардың өзінің проблемасын партия арқылы шешуге тырысуының өзі – партияға деген сенімнің жоғары екендігін дәлелдейді. Бұл туралы Атырау облыстық филиалына қарасты «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Саламат Идрисовтың, Жылыой ауданы «Қара-Арна» бастауыш партия ұйымының төрайымы Шолпан Оңғарбаева, Исатай ауданы «Аққыстау» Бастауыш партия ұйымының төрайымы Назым Жоламанқызы, Мақат ауданы «Доссормұнайгаз» Бастауыш партия ұйымының төрағасы Мәди Бексейітовтің баяндамаларында айтылды.

Басқосу туралы толығырақ «Атырау» газетінен оқи аласыз.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button