Жарнама
Саясат

БИІК БЕЛЕСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, кәсіби біліктілікке баулуды межеге алғандықтан, Орал қаласында өткен «Алло, жедел жәрдем тыңдап тұр!» атты аймақаралық кәсіби конкурста колледж студенттері Гран-При иеленді. Алматы медицина колледжінде өткен «ХХІ ғасырда мейірбике ісінің бағыты – ғылыми зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік студенттер конференциясында «Медбике ісі» бөлімінің оқушысы Мөлдір Рахметова жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал, Самара қаласында өткен VІ халықаралық өнер фестивалінде колледж студенті Олжас Кисашев дипломант атанды.  «Медицина колледждеріндегі үздік оқу-әдістемелік құрал» атты республикалық сайыста Рауза Бахитованың «Микробиология, вирусология» атты кітабы І орынға ие болды.

Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының арасында өткен облыстық «Алтын күз» сайысына Атырау медицина колледжінен қатысқан студенттер Бас жүлдеге ие болды.

Қазақстан Іскер әйелдері қауымдастығының ұйымдастыруымен кәсіптік-техникалық оқу орындары студенттерінің арасында «Айналайын, қазақтың қыздарын-ай!» атты облыстық байқауда инабаттылығы, ізеттілігі мен тапқырлығының арқасында жүлделі І орынға «Медбике ісі» бөлімінің студенті Үміт Өтекеева ие болды.

Атырау агро-техникалық колледжінде өткен «Үздік психолог-2014» атты облыстық психологтар конкурсында колледж психологы Гүлназ Кенжеғалиева жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Студенттік көктем-2014» студенттер сайысында колледж командасы Бас жүлдені қанжығаға байлады.

Облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «Елбасы Жолдауы – ұлтты ұйыстыратын, бірлікті ұлықтайтын тарихи құжат» атты облыстық байқауда әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Н.Мұхамбетова ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Президенттің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында техникалық-кәсіптік оқу орындарының материалдық базасын нығайту, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын жетілдіру туралы үнемі тапсырма қойылып келеді. Атырау медицина колледжі 2013 жылда 6 млн. 800 мың теңгеге мемлекеттік тілде оқулықтар сатып алды. 2014 жылда колледждің екі дәрігер-оқытушысы Б.Кенжеғұлова және А.Садуова Президенттің қолдауының арқасында жүзеге асып жатырған «Болашақ» бағдарламасының аясында Оңтүстік Кореяның Аджу университетінде білімдерін жетілдіріп келді.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жетім студенттер оқу ақысынан босатылды. Қазақстанның мерекелік күндеріне байланысты, мысалы 22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні», 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні», басқа да мейрамдарда колледж әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің қолдауымен ақшалай көмектер беріліп келеді.

Елбасы жыл сайын өз Жолдауларында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне терең тоқталады. Колледжде мемлекеттік тілде оқыту 94 пайызды құраса, іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Басқа ұлт өкілдері болып табылатын студенттердің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында тәрбиелік шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жасалып жатырған жұмыстарда бірізділік байқалады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының нұсқауы бойынша ана мен бала денсаулығы, дұрыс тамақтану, нашақорлық, туберкулез, шылым шегу мен араққа құмарлықтың зияндылығы, ЖҚТБ, т.б. тақырыптарда көптеген шаралар өткізілді. Студенттердің спортпен шұғылдануының арқасында жеткен жетістіктеріміз де аз емес.

Елбасының әрбір Жолдауы жарқынбелестерді бағындыруға же­телейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат екендігі сөзсіз.

Муса ӨТЕПҚАЛИЕВ,

Атырау медицина

колледжінің директоры,

медицина ғылымдарының кандидаты.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button