Саясат
Бертілеуовтер отбасы белсенділік танытты
Мақат ауданындағы №208 референдум учаскесіне келген Бертілеуовтер отбасы аса белсенді. Себебі, дауыс беруге отбасы мүшелері түгелдей келген.
“Еліміз үшін маңызды референдумға отбасымызбен келдік. Үйде ешкім қалмады. Себебі, бұл сәтте әрқайсымыздың дауысымыз аса маңызды. Халық үлкен өзгерістерді күтеді. Және ол өзгерістердің болатынына сенеді. Осы тарихи күннің тұсында ынтымағы жарасқан еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын деген тілек білдіреміз”- дейді Бертілеуовтер.
Еске сала кетейік, сайлау учаскесінің жұмысы қазіргі сәтте қалыпты деңгейде жүріп жатыр.