Жарнама
Саясат

Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының бұған дейінгі өкіміне сәйкес, Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтініші бойынша босатылды. Бұл лауазымда Нұрмұхамед Байғараевтың орнын Берік Уәли басты.

Берік Уәли 1977 жылы дүниеге келген. Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Журналистика», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» агенттігінің, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан ұлттық арнасының «1-студия» саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2022 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып келген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button