Жарнама
Саясат

Бауырлас халықтардың байланысы жаңа деңгейде

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жасаған бұл ресми сапары — тек дипломатиялық қатынастың көрінісі ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы тарихи, мәдени және стратегиялық байланысты жаңа деңгейге көтеретін бастама.

Президент Тоқаевтың сөзінен ұғынарымыз — қазақ-қырғыз қатынасы тек экономикалық әріптестікпен шектелмейді. Бұл — бір-біріне рухани, мәдени, тарихи тұрғыдан жақын халықтардың ортақ мұрат жолындағы ынтымағы. «Қасиетті Алатаудың қос қыраны» деп сипаттауы — қос мемлекеттің өзара тәуелділігін әрі туыстығын тереңінен ұғынғанының дәлелі.

Екіжақты сауда-саттықтың 2 миллиард долларға жуықтауы, инвестициялық жобалардың артуы, су-энергетика саласындағы үйлесімді әрекет — мұның бәрі нақты экономикалық ықпалдастықтың көрсеткіші. Сонымен бірге мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың нығаюы — халықтар арасындағы шынайы жақындасудың көрінісі.

2023 жылы қол қойылған Одақтастық қатынастарды кеңейту туралы тарихи шарт пен осы жолғы Ынтымақтастықтың кешенді жоспары — бұл байланыстарды жүйелі әрі ұзақмерзімді дамытуға бағытталған құжаттар. Бұл – уақыт сынынан өткен бауырлас елдердің болашаққа бірге ұмтылуға дайын екенін көрсетеді.

Саяси диалогтың жоғары деңгейде қалыптасуы — тек екіжақты қарым-қатынасты емес, бүкіл Орталық Азиядағы тұрақтылық пен дамуға оң әсер ететін фактор.

Абдолла ИДРЕСОВ,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button