БӘРІ БАСТАУЫШ ҰЙЫМНАН БАСТАЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясының жүргізіп отырған саясаты, атқарып отырған жұмыстары, Елбасы нұсқаған «Нақты 100 қадам» бағдарламасы әңгіме өзегіне айналды. Алдымен, сөз сөйлеген «Атырау» магистральды газ құбырлар басқармасы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының Атырау филиалы директоры Елдар Тағаш аталмыш мекеменің жұмысымен таныстырып, «Ұлт Жоспары – 100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институционалдық реформаға тоқталып, алда тұрған мақсат-міндеттерді саралады.
— Қашанда бұқараның қолдаушысына айналған «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлi Жолдауынан туындайтын мiндеттер және партияның тұғырнамасында қамтылған басты бағыттар бойынша елдiң әлеуетiнiң артуына, тұрмыстық мәселелерiнiң шешiмiн табуына, сондай-ақ халықтың денсаулығына басты көңіл бөліп келедi. Тіпті, бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «Ұлт жоспары – 100 қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бағдарламада да көптеген мәселелер көтерілгені белгілі. Бұл – мемлекетіміздің өркениет көшіне ілесіп, дамуын одан әрі жалғай түсетін баянды жоспар, жаңаруға бастаған жаңа қадам. Ол біздің елдің әлемдегі ең дамыған мемлекеттермен қатар тұруына мүмкіндік жасайды. Қазақстанды осы заманғы экономикалық, заманауи мемлекетке айналдырары анық, — деген Бақытгүл Хаменова Елбасы ұсынған бағдарламаның маңыздылығын атап өтті.
Одан әрі Атырау қалалық мәслихат депутаты Диас Сұлтанов Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы мақсаттар туралы баяндады. Оның пікірінше, біздің еліміздің адами-тұлғалық әлеуеті мол, ең бастысы — оны дамыта алатын білім беру жүйесін қалыптастыру.
Жиын барысында жаңа бастауыш партия ұйымын құру туралы бастама көтеріліп, қолдау тапты. Айта кетелік, бүгінде өңірде 47 бастауыш партия ұйымы бар.
Мемлекет басшысымен жүктелген міндеттер елдің дамуының дәл қазіргі кезеңінде аса ауқымды, әрі өте өзекті. Сондықтан, оның орындалуы әр адамның жауапкершілігіне, білімділігіне және біліктілігіне байланысты. Бүгінгі заман талабы бір орында тұрып, қол жеткенге қанағат етуді көтермейді. Үнемі ізденісте болып, елдің өркениет көшінің басынан табылуына жол ашатын тарихи құжаттағы әр қадамның күнделікті тірлікте көрініс табуын қамтамасыз етуге атсалысу — парыз. Бүгінгі жиын түйіні осы болды.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.