«Балалар алаңы» ашылды

53109815 c070 4b15 b3d6 c2ba2b32e0bb Саясат

     Атырау аймағында еселі еңбек етіп жатқан іргелі компаниялардың бірі – NCOC. Тәуелсіздік мерекесінің мерейлі жылына орай аталған компания әлеуметтік нысандарға демеушілік көмегін көрсетіп, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді. 

    Соның бірі – Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №3 балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. NCOC осы орталықтың тәрбиеленушілеріне арнап жаңаша жабдықталған балалардың ойын алаңын салтанатты жағдайда табыстады. 

bdd70a3f 81a0 40bb 9e67 0ac98be94a8d

0f3abace 3a7b 42d6 90f7 2110a15afc36

    Компанияның жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджер міндетін атқарушы Сұңқар Құлжанов 30 жыл ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктерін әңгімелей келе,«Бар жақсы – балаларға» деген ұранмен өмір сүріпжатқан қазақстандықтардың пікірін компания басшылығы да қолдайтынын, әлі де талай демеушілік көмек көрсетілетінін баса айтты. 

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз