БАҒАЛАУ НӘТИЖЕСІМЕН ЖОҒАРҒЫ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

e75b2f08 32c2 495f b02d 2c6cc9700fa1 Саясат

Мемлекеттік қызмет саласындағы  заңнама талаптарына бірқатар өзерістер енгізілген.

 Атап айтсақ, «Б» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз бағаланған жағдайда төменгі лауазымға, ал мемлекеттік қызметші қатарынан төрт тоқсан «функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» болған кезде келесі жоғары тұрған санаттағы лауазымға конкурстан тыс ауысу тәртібімен орналасуға мүмкіндік берілді.

 Өз кезегінде, бағалау бойынша енгізілген жаңашылдықтарға сәйкес алғаш рет Атырау қаласы Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси ахуалды талдау және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс секторының меңгерушісі — Утегалиев Нұрбол Нұғманұлы бағалау қорытындысы негізінде конкурстан тыс ауысу тәртібімен Атырау қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

 Меритократия кағидаты негізінде басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшіге ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз