Саясат
АВТОМЕКТЕПТЕРГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙДІ
Комитет басшысының айтуынша, мұндай шаралар бүгінде Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауындағы жаңа заң жобасында ескерілген.
— Егер де жол-көлік оқиғасын тергеу барысында жүргізуші қарапайым талаптарды білмесе немесе тиісті білім алмаса, онда бізде автомектептердегі заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мүмкіндігі болады. Ал, мұндай оқиға қайталанған жағдайда жол ережесін бұзушы оқыған автомектептің лицензиясын қайтару немесе қызметін тоқтата тұру мәселесі төтесінен қойылады, — деді И.Лепеха.
Бек АЙДАРАЛИ.