«Ауыл әкімін таңдау — ел басқаруға қатысу»
Ауыл әкімін сайлауға бей-жай қарауға болмайды, себебі, халық әкімді таңдау арқылы ел басқару ісіне тікелей қатысады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атыраулық зейнеткер, Қайыршақты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мусиннің айтуынша, жаңа сайлау жүйесі «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасынан туындап отыр.
«Әкімдер халық алдында тікелей есеп береді және өзгенің бағдарламаларына сілтеме жасамайды. Үгіт жұмыстары кезінде үміткерлер өз елдімекендерінің қажеттіліктерін ескеріп, нақты бағдарлама мен жоба ұсынуы керек. Халық туған ауылдың дамуы олардың азаматтық белсенділігі мен таңдауына байланысты болатынын түсінуі керек. Сондықтан дайындық пен түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу маңызды. Ең бастысы, бюллетеньдерде «Бәріне қарсы» деген тармақ болады. Бұл – демократиялық қоғамның тағы бір талабы» дейді ол.