Аудандық мәслихаттың депутаты дауыс берді
Исатай ауданында дауыс берушілер қатары артып келеді.
Олардың ішінде ауданның Құрметті азаматтары, Тыл ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары да бар. №133 референдум учаскесінен аудандық мәслихаттың депутаты Асхат Жұмабеков өз таңдауын жасады.
Мәслихат депутаты елдегі маңызды оқиғаға Қазақстанның әрбір азаматы үн қосуы керек екенін айтады.
-Жалпыхалықтық референдум өткізу – биліктің халықпен санасуы, яғни демократиялық үрдіс. Мұндай істе елдің ертеңіне алаңдайтын әрбір азамат өз таңдауларын жасап, маңызды шешімдерді қабылдауға үлес қоса алатынын сезінулері тиіс. Мен Жаңа Қазақстанды адам құқықтары тапталмайтын, білім-ғылымы дамыған, бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болу деп түсінемін,-дейді ол.
Сондай-ақ можаритарлы сайлау депутаттардың жауапкершілігін арттыратынын тілге тиек етті.