Атырауда «Үздік ауыл әкімі» анықталды

300938808 5466378333415711 3825331532555710901 n Саясат

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Наурызбаев мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылдың 15 тамызда «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының I кезеңі, яғни облыстық деңгейіндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілді. Нәтижесінде, ауылдық округ әкімдерінің арасынан Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Камзаева өңірлік конкурстың жеңімпазы атанды. Байқаудың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

  • – Конкурсқа қатысушы үміткерлермен әңгімелесу өткізілер алдында ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп талаптарын сақтауы мәселелері, жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы негізге алынады. Сондай-ақ, әрбір үміткердің осы саладағы қызмет өтілі, білімі, тілдерді білуі, кәсіби даму талпынысы, наградасы, құрметті атағы, мемлекеттік қызмет немесе басқару саласында кәсіби білімін жоғарылату деңгейі, тәжірибелік қызметі, әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері және өзге де талаптар бойынша арнайы балл есептелінді, деді А.Наурызбаев.

Сонымен қатар, өңірлік комиссия отырысы барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында конкурсқа қатысқан үміткерлердің ауылдық округті дамытуға бағытталған жобалық жұмыстары мен қызметтері бағаланған.Айта кетейік, конкурстық комиссия шешімімен Р.Камзаева Республикалық кезеңде Атырау облысының атынан қатысатын болады.

300984093 5466378330082378 1087772119150500724 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз