Жарнама
Саясат

Атырауда «Қызмет беруші мектебі» іс-шарасы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен Қадамдық жоспар аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірқатар бағыты бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсетуші мектебі» іс-шарасы ұйымдастырылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, денсаулық сақтау, экология және қаржы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қамтылды.
Бұл ретте, денсаулық сақтау, экология және қаржы министрліктерімен бірлесе отырып, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қызмет берушілерге түсіндірілді. Іс-шараға мемлекеттік қызметке жауапты мамандар қатысып, өз салаларына қатысты ұсыныстарын айтты.
Тыңдаушыларға медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, салық есептілігін оңтайландыру және экологиясаласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді өзектендіру мәселелеріне
түсінік берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button