Жарнама
Саясат

Атырауда Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

Жиын облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кеңес отырысында еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша Ассамблея алдында тұрған міндеттер қаралып, басымдықтары айқындалды.

— Ассамблеяның соңғы ХХХІ сессиясы саяси жүйені реформалаудағы Ассамблеяның орны мен рөлін айқындауға арналды. Әрі қарай өз жұмысында бүкілхалықтық референдум қорытындысы жаңа тарихи кезеңнің бастауы болып саналады. Сондықтан, Ассамблея мынадай үш басымдыққа ден қоюы қажет. Біріншісі, саяси реформаларды жүзеге асыруда Ассамблея рөлін күшейту. Саяси реформалар аясында биліктің заң шығару тармағының қалыптасуына өзгерістер енгізіледі. Енді Ассамблея депутаттары бұдан былай Мәжілісте емес, Сенатта өкілдік ететін болады. Екіншіден, ақпараттық жұмысты күшейту және Ассамблеяның қоғамдық әлеуетінің белсендіру. Ассамблеяның әрбір мүшесі Жаңа Қазақстанның мұраттары мен құндылықтарының белсенді насихаттаушысы, әрі дәріптеушісі болуы тиіс. Үшіншіден, құқық қорғау жұмыстары күшейтіледі, деді Серік Шәпкенов.

Жиын барысында «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Короблев Жаңа Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге аса назар аудару қажеттігін айтты.

— Жаңа Қазақстанда біз мемлекеттік тілді оқытуда қызығушылықтарды арттыратын жұмыстар кеңінен жүргізілсе дейміз. Мемлекеттік тіл — еліміздің тағдыры. Сондықтан баршаңызды қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, меңгеруге шақырамын, деді Андрей Короблев.
Атырауда 80-нен астам ұлт өкілдері тұрады, 19 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді.

Бүгінде Мәдениет басқармасы жанынан «Тіл әдістемелік орталығы» ашылған.  Мұнда сәуір айынан бастап қазақ тіліне қызығушылық білдірген өзге ұлт өкілдері оқуда. Атап айтар болсақ, «Достық» үйінде — 12, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамында — 28 өзге ұлт өкілі қазақ тілін меңгеруде. Атырау жылу электр орталығында да арнайы оқу тобы ашылады деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button