Жарнама
Саясат

Атырауда полицейлер марапатталды

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, Атырау облысы Полиция департаментінің бір топ қызметкері арнайы марапаттарға ие болды – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ішкі Істер органы саласының дамуына айрықша үлес қосып жүрген тәртіп сақшылары ҚР Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың құттықтау хатымен марапатталды.

78a8b50d 87c2 485a aecb 40f2279261ab

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары “Ішкі Істер органдарының құрметті қызметкерлеріне төс белгісі”, “Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасы”, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі және ІІ дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төс белгісі табысталды.

Салтанатты іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың атынан құттықтады.

b8350ef9 804b 44f5 bfcc 1dc0d03a5897
  • Қазақстандықтар үшін еліміздің тәуелсіздігі мемлекетіміздің тарихындағы жаңа дәуір бастауына жол ашты. Қазақстандық полиция азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін лайықты деңгейде қамтамасыз ете отырып, табанды қызмет ететіндеріне сенім білдіремін. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.
a4741bfa 3bf9 4fe5 bba9 ad9d5131c3ec
59ef75d0 fbc1 4d42 8b85 117207607378

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button