Жарнама
Саясат

Атырауда дәрігерлер мен фельдшерлер эстрадалық және халық әнін айтудан сайысқа түсті

Атырауда медицина қызметкерлері арасында вокалдық байқау өтті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Әнім саған арналады, Қазақстан» вокалдық байқауына облыстағы 30 мекемеден 40 медицина қызметкері қатысты.

Олар үш жанр – дәстүрлі ән, эстрадалық ән және күй бойынша шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Шараны «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды.

48e8a551 baea 425f ab6d 4edd9056beab

– Бұл шараның мақсаты — науқастардың өмірін сақтауға үлес қосып жүрген медицина қызметкерлерінің еңбектерінің жан-жақтылығын көрсету. 

Дәрігерлер мен фельдшерлер, медибикелер осымен екінші жыл пандемиямен  күресуде. Сондықтан, оларды шығармашылық жағынан да қолдау болып  табылады.

ca6902ed fd81 4ef6 affb 632e6cab0897

Бұл вокалдық байқау дәстүрге айналып, тұрақты түрде өтеді деп сенемін», — деді «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Майра Қашкенова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында  33 мемлекеттік медициналық мекеме бар. Онда  1520 дәрігер, 5235 орта буын қызметкері, 1374 кіші медицина қызметкері еңбек етуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button