Жарнама
Саясат

Атырауда актив отырысы өтті

Бүгін «Amanat» партиясының Атырау облыстық филиалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында партия активінің отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Төралқа құрамында аймақ басшысы Серік Шәпкенов, облыстық мәслихат хатшысы, басқарма басшылары, облыстық Саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен ардагерлер, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.

⁃ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында көптің көкейінде жүрген өзекті сан сауал қамтылды. Жолдауда айтылған нақты тапсырмалар – жарқын болашаққа жол ашады. Енді соны бірлесе орындауымыз қажет. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жайында тұрғындармен кездесіп, ашық әрі түсінікті етіп айтуымыз қажет. Президент Жолдауында айтылған міндет пен межеге жету жолында бір мүдде аясында топтасып, әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Бәріміз соған атсалысайық! деді,-С.Шәпкенов.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Түрікменбай Нұржігітов баяндама жасады.

  • — Бұл — МӘМС Заңдылықтары талапқа сай еместігін байқатты. Онымен қоса, 5-6 жасар балалардың жартысынан көбі бала-бақша тәрбиесінен тыс қалуда. Ұстаз бен тәрбиеші жұмысына мән беріліп, абырой-беделін көтеру бағытында өзгерістер жасалып,талап та жоғарыламақ. Балалардың білім алуына инвестиция ретінде алғашқы мақсатты капитал іске асырылмақ,-деді Түрікменбай Нұржігітов.

Партияның актив отырысында жастар мәселесі, студенттердің жатақханамен қамтылуы, кәсіпкерлікті қолдау, әйелдердің зейнет жасы ауылшаруашылығын қолдау сынды мәселелер ортаға салынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button