Саясат
Атырау қалалық мәслихатының төрағасы сайланды
Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясының отырысында төраға лауазымына ұсынылған Бейбіт Мырзағалиевтің кандидатурасы қолдау тауып, мәслихат төрағасы лауазымына сайланды.
Бейбіт Темірбекұлы бұған дейін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
Ал бүгінге дейін қалалық мәслихаттың тізгінін ұстап келген Нұрбол Құрманның басқа жұмысқа ауысуына байланысты төрағалықтан босату туралы ұсыныс дауысқа қойылып, депутаттардың басым көпшілігі қолдау білдірді.
Алмас ҚАБДОЛОВ