Саясат
Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, кезектен тыс ХV (15) сессиясы шақырылады.
Өтетін уақыты: 2024 жылдың сәуір айының 12-і күні сағат 15:00-де.
Өткізілетін орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі №77а, үлкен мәжіліс залы
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау туралы;
- Әртүрлі мәселелер.
Атырау қаласының Мәслихаты