Жарнама
Саясат

Атырау облысының әкімі спортшыларға жеңіс тіледі (+ФОТО)

Бүгін Токиода төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған XXXII Жазғы Олимпиада ойындары басталды.

Осыған орай, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік желіге пост жариялады.

«Төрт жылда бір өтетін әлемдік спорт аламанында сегіз атыраулық спортшымыз бақ сынайды.Қазақстанның спортшылары пара ойындардың 25 лицензиясын алды. Олардың 7-еуі біздің жерлестерімізге тиесілі. Мәселен, ел тарихында алғаш рет парадзюдо лицензиясына ие болған алты спортшының бесеуі атыраулық. Олар: Сариев Ануар, Дәулет Теміржан, Смағұлов Ғалымжан, Байбатина Зарина және Аманжол Жанбота. Бұдан бұрын паратаеквондошы Нұрлан Домбаев пен паражүзуден Ержан Сәлімгереев жолдамағы қол жеткізген болатын. Ал, Олимпиада ойындарында тағы бір мықты таеквондошымыз Жансель Дениз 27 шілде күні сынға түседі.Бұған дейін түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген жерлестерміз Токиода өтетін паралимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғайтынына сенемін! Еліміздің барша спортшыларына сәттілік пен жеңіс тілеймін!» деп жазды аймақ басшысы.

218679051 347240496874747 7262862610342820285 n
218884869 347240053541458 6254306802097127353 n

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button