Саясат
Атырау облысы әкімінің орынбасары дауыс берді
Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов референдумда дауыс берді, деп хабарлайды ATPress.kz.
Облыс әкімінің орынбасары Н.Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясында орналасқан №8 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Аталған дауыс беру учаскесінде көптеген бақылаушылар бар. Олар түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері. Жергілікті референдум комиссиясы да лайықты жұмыс атқаруда.