Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясы өтеді

25537564a0c3e915e9665cccd96fa890 1280x720 Саясат

Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат хатшысы 2022 жылғы 19 тамыз сағат 16.00-де облыс әкімдігінің 2 қатардағы мәжіліс залында VІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХVІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

         Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

  1. Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №28-V «Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамы туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Баяндамашы: Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Д.Д.Шамұратов;

  • Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы

Баяндамашы: Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Д.Д.Шамұратов;

3.Басқа да мәселелер.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылғы 19 тамыз күні сағат 15.00-де облыс әкімдігі ғимаратының 7 қатардағы үлкен мәжіліс  залында  өтеді.

Атырау облыстық мәслихаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз