Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясы өтеді
Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат хатшысы 2022 жылғы 19 тамыз сағат 16.00-де облыс әкімдігінің 2 қатардағы мәжіліс залында VІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХVІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:
- Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №28-V «Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Баяндамашы: Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Д.Д.Шамұратов;
- Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы
Баяндамашы: Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Д.Д.Шамұратов;
3.Басқа да мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылғы 19 тамыз күні сағат 15.00-де облыс әкімдігі ғимаратының 7 қатардағы үлкен мәжіліс залында өтеді.
Атырау облыстық мәслихаты