Жарнама
Саясат

Атырау мен Вьетнамды не байланыстырады?

ҚАЗАҚСТАН ЕГЕМЕНДІГІН ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛЕГЕН КЕЗДЕ КӨПВЕКТОРЛЫ САЯСАТТЫ ҚОЛДАЙТЫНЫН, ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ МАҚСАТ ТҰТАТЫНЫН ЖАРИЯЛАҒАН БОЛАТЫН. СОЛ УАҚЫТТАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМНІҢ ӘР ҚИЫРЫНДАҒЫ ЕЛДЕРМЕН ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ТУ ЕТІП, МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІН ЖОҒАРЫ ҰСТАП КЕЛЕДІ.

ВЬЕТНАМҒА САПАР

Былтыр Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіндегі кездесуде Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суан Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өз мемлекетінің басшылығы атынан сапармен келуге шақырған еді.

Ресми шақыртудан он ай өткен соң Вьетнам астанасы Ханой каласына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді. Оның барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнер-кәсіптік және мәдени- гуманитарлық салалардағы Ынтымақтастықты дамыту пер- спективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы қонақжайлылық көрсеткені үшін осы сапарға баса мән беретінін атап өтті.

– Қазақстан Президенті ретінде Сіздің еліңізге алғаш рет сапармен келіп отырмын. Мен бұл сапарыма баса мән беремін. Қазақстанда Сіздің елге және Вьетнам халқына зор құрметпен қарайтынын атап өткім келеді. Вьетнамнын экономикалык жетістіктері елдеріміздін ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға берік негіз болады. Біз екі мемлекет арасындағы экономикалық, саяси қатынастарға баса мән береміз және Вьетнамның экономикалық зор әлеуетін және оның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық жарты миллиард доллардан асқанына, биылғы алты айдың өзінде 600 миллион доллар болғанына назар аударды. Жыл соңына дейін бұл маңызды көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жо- спарланып отыр екен.

Мемлекет басшысы бұл келіссөздер екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеніне жол ашатынына сенім білдірді.

561755fe 43dc 4a24 b162 f7dd0baf5dda

КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Келіссөздер қорытындысы бойынша Президенттер Бірлескен коммюнике қабылдады. Сонымен қатар сапар аясында бірнеше келісімге қол жеткізіп, құжаттарға қол койылды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары, ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім, ту- ризм және саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық, инвестиция агенттіктері арасындағы ынтымақтастық, электрондық коммерцияны дамыту саласына бағытталған келісімдер. Сондай-ақ, ірі компаниялар арасында мұнай-газ, транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласы мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның энергетика, құрылыс, банк, қаржы, авиация және мұнай-газ өнеркәсібі салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырып келе жатқан ірі компания басшыларымен кездесіп, ірі инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екеніне назар аударды.

АТЫРАУ МЕН ВЬЕТНАМДЫ НЕ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ?

Осы тұста облыстық әкімдіктен мұнай-газ саласы бойынша, еліміздің алдыңғы қатарлы өңірі саналатын Атырау облысын Вьетнаммен не байланыстыратынын сұрап көрген едік.

Облыстық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Атырау облысының Вьетнам Республикасымен сыртқы сау- да айналымы биылғы қаңтар-маусым айларында 237,6 млн. АҚШ долларын құрапты. Оның ішінде экспорт көлемі 9,80 млн. АҚШ долларына, импорт 227,86 мың АҚШ долларына жеткен.

Еліміз бойынша сыртқы сауданың 25 пайызы Атырау облысына тиесілі екендігін де атап өту керек.

Білгеніміздей, негізгі сауда айналымындағы тауарлар түріне құрылыс заттары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері жатады. Мәселен, шегелер, түймелер, сызу түймелері, қара мате- риалдардан жасалған өзге де бұйымдар, бұрама, бұрандама, бомын (гайка), Глухарь тіреу бұйымы, бұралмалы ілмек, тойтармалар, кілтек (шпонттар), ені 600 мм темірден немесе лигирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат, шыны айналар, резеңке табаны бар аяқ киімдер, тағы басқа заттар жеткізіледі.

13180990 e6f6 47e3 a08a 9fa9fe16c010

БРИКС ДИАЛОГЫ

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында өткен 15-ші БРИКС саммиті аясында «БРИКС Плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысып, форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйледі.

Президент сөзінде БРИКС-тің ролін елеулі түрде күшейтіп, жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл маңызды шара халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Онын сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді. Бұл ретте Президент өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы жөнінде өз көзқарасын білдірді.

БРИКС пен ШЫҰ-ға ортақ мүдделер мен басымдықтарды ескере отырып, Президент мы- надай негізгі бағыттар бойынша күш біріктіруді ұсынды.

– Біз бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің БҰҰ Жарғысына негізделген лайықты формуласын іздеуіміз керек. Осы мақсатта мен биылғы ШЫҰ саммитінде «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастама көтердім. Бұл ба- стама жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау ісін ілгерілетуге, сондай-ақ анағұрлым рационалды әлемдік саяси және экономикалық тәртіпті қалыптастыруға бағытталған, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ, БРИКС және «БРИКС Плюс» құрамындағы елдердің өте маңызды саналатын цифрлық орта, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік салаларындағы әлеуеттерін біріктіріп, ақпарат алмасу ісін кеңейтуді ұсынды. Сондай-ақ Президент барша серіктестерді «Солтүстік Шығыс» және «Шығыс Батыс» көлік дәліздеріне катысты экономикалық, сауда, көлік және инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Жаһандық күн тәртібінде айрықша маңызға ие бола бастаған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін де көтерді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button