Атырау қалалық мәслихаты депутаттарының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18-баптарына сәйкес, Атырау қалалық мәслихатының сессиясы төрағасымен VІ шақырылған Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс ІV сессиясын шақыру туралы шешімі қабылданды.
Өтетін уақыты: 2016 жылдың шілде айының 8-і күні сағат 11.00-де.
Өтетін орны: Атырау қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залы.
Атырау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы 2016 жылдың шілде айының 7-сі күні сағат 11.00-де Атырау қалалық әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №319 «2016-2018 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Әртүрлі мәселелер. Атырау қалалық мәслихаты.