АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР

Саясат

Саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, селолық округ әкімдері қатысқан шарада алдағы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына әзірлік, еліміз үшін маңызы жоғары саяси науқанға азаматтарды толықтай жұмылдыру жайы қозғалды. Сайлауда әр азаматтың дауысы рөл атқаратын болғандықтан, халық қалаулылары бірде-бір азамат науқаннан тыс қалмауы үшін жер-жерде насихаттық жұмыстарды күшейту мәселесіне тоқталды. 

Сондай-ақ, отырыста Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай Қазиев баяндама жасап, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар жайында мәлімет берді. Оның айтуынша, Атырау қаласының Ақсай, Жұлдыз-3, Атырау, Өркен-2, Бірлік-2, Еркінқала, Талғайраң-2, Томарлы-2 және Водниково-2 поселкелері мен ықшамаудандарына су құбырларын жүргізіп, жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. «Жоспарда жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа №5 сүзгілеу стансасының құрылысын жалғастыру және республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа №2 сүзгілеу стансасының қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылатын болады» деді ол. Өткен жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендерде автокөлік жолдары қайта жаңғыртылып, 46 дана жол белгілері орнатылып, 4 000 шаршы метрді құрайтын шұңқырларға жөндеу жүргізілгендігі айтылды.

Саяси кеңес отырысы соңында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, алда атқарылар жұмыстар нақтыланды.

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған