Жарнама
Саясат

АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕР, АБЗАЛ АНАЛАР, АЯУЛЫ ҚАРЫНДАСТАР!

 Біздің аналарымыз бен қыздарымыз – жарқын істердің бастаушысы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі. 

Олар отбасының береке-бірлігін, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтаумен қатар, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласуда. Бүгінгі қоғам “әйел – кәсіпкер”, “әйел – саясаткер”, “әйел – қоғам қайраткері” деген секілді мәртебемен, бай мазмұнмен толығып отыр.

Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық  әйелдердің аялы алақанынан таралады» деген сөз бар. Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждағаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. 

Баршаңызды шуақты мерекелеріңізбен құттықтап, отбасыларыңызға амандық пен береке, өздеріңізге  мықты денсаулық, жемісті еңбек, шынайы әйел бақытын тілеймін!

Сіздерге деген құрметпен, 
Атырау облысының әкімі 
Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button