Жарнама
Саясат

Amazon Қазақстанға 200 млн. доллар инвестиция салады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездесуі – еліміздің цифрлық дамуындағы маңызды кезең деп есептеймін.

Әлемдік технологиялық көшбасшылардың бірі саналатын Amazon-ның Қазақстанға инвестиция салуы – үлкен сенімнің белгісі. Бұл жобалар еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды бірнеше бағытты қамтиды. Біріншіден, халықтың барлығына жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік туады. Екіншіден, киберқауіпсіздікті күшейту арқылы елдің цифрлық тәуелсіздігі нығаяды. Үшіншіден, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабына айналдыру – бізді халықаралық деңгейде жаңа белеске шығарады.

Amazon Kuiper компаниясының Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында инфрақұрылым жасақтауға ниетті болуы және жобаға 200 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлауы – тек цифрлық инфрақұрылымды дамытуға емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті экономиканы жандандыруға да септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының бастамасымен іске асатын бұл жобалар Қазақстанның цифрлық трансформацияға қарай нық қадам басқанын айқын көрсетеді. Ең бастысы – еліміздің кез келген өңіріндегі азамат заманауи телекоммуникациялық қызметтерді теңдей пайдалана алатын болады.

Бұл серіктестікті ел дамуының жаңа мүмкіндіктері деп толық сеніммен айта аламыз.

Сандуғаш ЫСҚАҚОВА,

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Ақпараттық технологиялар факультетінің қауымдастырылған профессоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button