Жарнама
Саясат

АЙТАРЫМЫЗ АЛҒЫС ҚАНА

 

Айтарым, биылғы белестің бұрынғылардан жөні бөлек, мәні ерек. Өйткені, ол еліміздің мерейін үстеп, мәртебесін биіктетер мерекелерге толы жыл болуымен ерекшеленеді. Осыдан үш айдан астам уақыт бұрын Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі тойланды. Оның қарсаңында республиканың өзге өңірлеріндегі тәрізді, өз жерімізде де ардагерлерге айрықша көңіл бөлініп, ерекше сый-құрмет көрсетілді. Түрлі тағылымды шаралар ұйымдастырылып, біз сияқты майдангерлер, тылда еңбек еткен аға буын өкілдері солардың құрметті қонағы ретінде төрден орын алды. Ардагерлердің ел ордасы Астана мен Алматы қалаларына, басқа шаһарлар мен өңірлерге баруына, алыс-жақын шетелдерге сапарлауына жағдай жасалынды.

Осының бәрі, әрине, қашанда еліне қамқор, жұртына тірек боп, халқының қамын ойлап жүретін Елбасының, облыс және қала басшыларының, іс басында жүрген азаматтардың қолдау-көмегінің, игі бастамаларға ұйытқы бола білуінің  көрінісі, жемісі деп түсінеміз. Соның ішінде бөліп  айтарым, Жеңіс тойына орай клуб жанынан құрылған хор ұжымымызбен Алматыға барып, деректі фильмге түсіп, концерт қойып қайттық.

Өз кезегінде, осыншалық қамқорлықты терең сезініп, жасалынған әрбір жақсылыққа балаша қуанған ардагерлердің ел ағаларына айтары алғыс қана.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button