Ағынды су мәселесі «AMANAT» назарында

71e584e2 e37b 44a9 8fd6 981210725beb Саясат

«AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық  кеңес мүшелері  Атырау облысына арнайы іссапармен келіп,  «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында «Kazakhstan Petrochemical Industires Inc.» ЖШС және «Karabatan utility solutions» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

         Қоғамда үлкен резонанс  тудырған «Karabatan utility solutions» ЖШС-нің  ағынды суы ашық алаңға жайылуы мәселесі бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің  және Атырау  облыстық мәслихатының  депутаттары, партия жанындағы экологиялық кеңес мүшелері  өндіріс ошағына барып, мамандармен жүздесіп, мән-жайды көзбен көріп келді.

         – Атырау облысы мәслихат депутаттарының шақыруымен осы мәселеге орай арнайы келіп, ағынды су алаңын көрдік және мамандардың уәжін, пікір-ұсынысын тыңдадық. Енді парламентте қажеттілігіне қарай экологиялық нормаларға белгілі бір өзгерістер енгізуге ұсыныс беруге дайынбыз, – деді  ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты Ерлан Саиров.

«AMANAT» партиясы аталған су алаңын жою мәселесі бойынша жұмыстарды жалғастыра береді және барлық іс-шаралар партияның бақылауында болады.

Н. Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз