Жарнама
Саясат

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ТУРИСТІК КЛАСТЕР

 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Атырау аграрлы-техникалық колледжінде экология мамандығы бойынша үшінші курста оқып жатқан жастармен жүздескен аталмыш резерват мамандары табиғи ортаның тамаша орындары жөнінде түсірілген суреттерді көрсетті. Бұл жөнінде бас маман Мейрамгүл Маева әңгімелеп берді.

Бүгінде резерват жұмысы жұртшылық үшін ашық жүргізіле бастады. Мұнда қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, студенттердің, оқушылардың саяхаттары ұйымдастырылады. Бұл, әсіресе, жастарды туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға үндейді. Кездесу барысында колледж оқушыларының өздерін толғандырып жүрген сан-салалы сауалдарға жауап іздеуі де сондықтан.

М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button